Блог директора
"Талғар медициналық колледжі" мекемесінің сайтына қош келдіңіздер!
Директор блогы сіздермен сөйлесуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Бұл колледжімізге қатысты сіздерді қызықтырған сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндік береді.
Екі жақты ой алмасуға арналған бұл алаң біздің арамызда тығыз қарым-қатынас орнатады. Әркімнің осы жерде ой-пікір қалдыруға, сұрақ қоюға және ұсынысын білдіруге мүмкіндігі бар. Бұл әңгімелесу бәрімізге пайдалы болады деп үміттенемін.
Өмірбаяны
Досбаев Жеңіс Әшірұлы 1947 жылы 16 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы Шыбышы ауылында дүниеге келген.
Жеңіс Әшірұлы 1954 жылы 1-сыныпқа қабылданып, орта мектепті 1964 жылы мектепті үздік аттестатпен тәмамдайды.
1964 жылы Алматы Медициналық Институтына (Қазіргі Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті) оқуға қабылданып, аталған оқу орнын 1972 жылы үздік дипломмен бітіреді.
1972 жылы Талғар аудандық орталық емханасында дәрігерлік қызметте болып, 1973 жылы Талғар медициналық училищесіне оқытушы болып ауысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен Досбаев Жеңіс Әшірұлына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі дәрежесі берілді. 2011жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен мараппатталды. 2016жылы "Гордость образования" орденімен және "За весомый вклад в образование" медалімен мараппатталды. "Нур Отан" партиясының алғыс хаты, Талғар қаласы әкімінің алғыс хаты
Адам жанының арашасы болатын медицина саласының сақшыларын даярлайтын Талғар медициналық колледжде оқытушы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасарына дейін көтеріліп, аталған мекемеде 1998 жылы директор болып тағайындалады. 1998 жылдан 2011 жылға дейін аталған оқу орнының басшысы қызметін атқарды.
Жеңіс Әшірұлы 1999 жылы «Талғар медициналық колледжі» мекемесін ашып, әр аймақта медицина мамандарының тапшы екендігін байқап әр жылда 2000 жылы Алматы қаласына іргелес орналасқан Өтеген батыр ауыла медициналық колледж, 2004 жылы Қапшағай қаласына медициналық колледж, 2006 жылы Райымбек ауданына медициналық колледж, 2007-2008 жылдары Шонжы, Жаркент қалаларына медициналық колледж ашып береді. 2011 жылға дейін Талғар медициналық колледжінде директор болып, 2011 жылдан бастап «Талғар медициналық колледжі» мекемесінің құрылтайшысы болып еңбек етіп келеді.
Напишите нам
загрузка данных из сервера, пожалуйста, подождите