Почему мы?
Досбаев Жеңіс Әшірұлы
Құрметті талапкер!
Егер сіз ертеңгі күнге сеніммен қарап, уақыт дамуымен бірге жүретін еңбек нарығында сұранысқа ие, дүниедегі баға жетпес құндылық адам денсаулығын сақтауда медицина саласының маманы болғыңыз келсе 20 жылдық тарихы
бар “Талғар медициналық колледжі” мекемесінде білім алуға шықырамыз! Әрине бұл үшін сіз барлық күш жігеріңізді салатыныңызға сенімдіміз, ал біз өз тарапымыздан Сізге сапалы білім алуға көмек қолын созамыз! Біз сізді
“Талғар медициналық колледжі” мекемесінің қабырғасында белсенді, ақылды, зейінді, дені сау, жақсы қарым қатынасты сақтай білетін тұлға ретінде көреміз! Келіңіз, жаны мен тәніне демеу болар, халықтың ынта-ықыласына бөленген ақ халатты абзал жанға айналыңыз!