Библиотека

    • Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры

    • Талғар медициналық колледжінің  «ҚР мемлекеттік білім беруді ұйымдастырудың кітапхана қорын қалыптастыру  нұсқаулығына» сәйкес жүзеге асырылып келе жатқан өзіндік кітапхана қоры бар. Колледж кітапханасының жұмысы « Жоғары шығармашылық потенциалға ие бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру» бағытында жүргізіледі.

            Біздің кітапханамызда танымдық көрмелер, тақырыптық сөрелер, еліміздегі мемлекеттік мерекелер, атаулы күндерге  арналған құттықтау бұрыштары мемлекеттік тілде жүйелі түрде іске асырылады.

           Ай сайын кітаптардың жалпы жағдай тексеріледі, егер бүліну жағдайы болса міндетті түрде қалпына келтіріледі. Кітапхана картотекасы жүйелі түрде тексеріліп отырады.

      Кітапханамызда оқу жылы бойы салауатты өмір салтын ұстану бағытында іс-шаралар атқарылады, сонымен бірге «Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбына сөре арналған.  Нашақорлық, ішімдік, темекі, ЖИТС-ке қарсы күрес тақырыптары аясында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады.

          Кітапхана колледж білім алушыларын, оқытушыларын, қызметкерлерін қамтыған 700-ден артық оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана колледждің астыңғы қабатында орналасқан және бөлек оқырман залы бар. Кітапхананың жалпы көлемі 54 кв.м., ал оқырман залының көлемі 24 кв.м. Оқырман залында 25 орын бар. Оқырман залында кітапхана тұтынушыларының ақпаратты іздеу және онымен жұмыс барысына қажет барлық жағдай жасалған. Олар қажетті ақпаратты баспа түрінде де, электронды түрде де алуына барлық алғышарттар жасалған. Колледж компьютерлік, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған. Колледж 120 компьютермен жабдықталған, оның ішінде кітапхана  20 компьютерлік ресурсқа ие. Оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану кітапхана қолданушыларының білім кеңістігін кеңейту мен толықтыруға жағдай жасады. Компьютерлік техникаларды білім алу мақсатында ғана емес, студенттердің білімін тексеру, аралық бақылауларды жүргізу үдерістерінде де тиімді  пайдаланамыз.

      Кітапхана қоры тұтас алғанда 16867 дананы құрайды, оқулықтар саны – 16250 дана, оның 14500-і -   медициналық оқулықтар.  Оқу әдістемелік құралдар саны – 480, электронды оқулықтар саны – 137. Сонымен бірге кітапханамызда колледжіміздің оқытушылары авторлығындағы оқу-әдістемелік құралдары бар. Колледждер арасында және «ГЭОТАР-Каз-Медиа» ЖШС-мен электронды кітапхананың ұжымдық лицензиялы кодын қолдану туралы келісімшарт бекітілген. Электронды кітапхана 4 компьютерде  «Студент кеңесшісі» жүйесімен жұмыс істейді. Біздің колледж «Фолиант», «Асем-систем», «Атамұра», т.б. баспаларымен тығыз байланыста қызмет істеп келеді. Колледжіміз кітап қоры  үнемі кеңеюде. Қазірде бір білім алушыға 25 оқулықтан тура келеді. Кітапханамыз 20 газет-журналға жазылып отырады. Олардың ішіне «Денсаулық», «Медицина», «Акушерство и гинекология», «Сестринское дело», «Фармация Казахстана», «Мейірбикелік іс», «Справочник фельдшера и акушерки», «Педиатрия», «Здаровье», «Білім кілті», «Елназар», «Профессионал Казахстана», «Нұр Отан», «Психология», «Кәсіптік қазақ тілі», «Профессиональны» русский язык»  және тағы басқа көрнекті газет-журналдар кіреді.  Біздің оқырмандардың білім кеңістігінің әртүрлі аймағын қамтитын  медицина, тарих, педагогика, мәдениет, экология, салауатты өмір салтына байланысты мерзімді баспасөз құралдарына қолжетімділігі ұйымдастырылған. Мерзімді баспасөз құралдарын сатып алудың жыл сайынғы шығыны ---------- ды құрайды.

      Кітапхананың материалдық базасы жыл сайын өсіп келеді. Мемлекеттік тілдегі арнайы пәндер оқулықтарымен жабдықталған. Оқу жылы бойы кітапхана оқырмандары мемлекеттік тілде ұйымдастырылатын «Менің болашақ мамандығым», «Кел, Наурыз», «Қазақстан – 2050» кітап көрмелерінің материалдарын қолдану мүмкіндігіне ие. Кітапхана оқытушылардың кураторлық сағаттарын өткізуге тиісті көмек көрсетеді, қозғалмалы көрмелерді дайындайды, барлық колледжішілік іс-шараларда белсенді қатысады. «Маман күндері» атты кітап көрмелері, шолу, кітап презентацияларынан тұратын іс-шара кітапханамыздың дәстүрлі іс-шарасына айналды. Кітапханамызда жыл бойы мәдени кештер, экологиялық , құқықтық, экономикалық патриоттық тәрбиеге бағытталған әдебиеттер көрмесі өтіп отырады. Біздің кітапханамыз әр бір білім алушының тұлғалық қалыптасуында белсенді қатысатын үлкен ақпараттық қор болып саналады.