Воспитательная работа
План по воспитательной работе колледжа
«Талғар медициналық колледжі» мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие берудің кешенді жоспары
(«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері), (Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 10-қосымшасы негізінде).
1. Тәрбиенің мақсаты, міндеті мен қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Тәрбиеқағидаттары: Тәрбие міндеттерін шешу барысында келесі қағидаттары мақсатты түрде пайдаланған дұрыс: табиғат сәйкестігі қағидаты, гуманизация қағидаты, үздіксіздік қағидаты, мәдени сәйкестік қағидаты, этникалық қағидаты, қызметтегі және қызмет арқылы тәрбие қағидаты, субъективтік қағидаты, педагогикалық қарым-қатынасты дербестендіру қағидаты, полисубъектілік қағидаты, диалогтілік қағидаты, белсенділік қағидаты принципі, талаптылығы жоғары тұлғаны құрметтеу қағидаты, жетістікті қамтамасыз ету қағидаты принципі, позитивке сүйену қағидаты, білім алушылардың кері және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидаты принципі, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидаты, тәрбие әрекеті өмірмен және өнеркәсіптік практикамен байланысының бірлік қағидаты, балалардың өмірін эстетизациялау қағидаты, оқушылардың бастамасы мен тәуелсіздігінің дамуымен педагогикалық басқаруды біріктіру қағидаты, жалпыға ортақ адами құндылықтардың қағидаты, білім берудің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен ұлттық және әлемдік мәдениеттің нормаларына негізделуі керек екендігін көрсетеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін нәтижелері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері төмендегідей мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
бала құқықтары туралы Конвенцияға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық қозғалысының рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
балалар мен жастардың қазақстандық патриотизмінің, жауапкершілікті азаматтық сана-сезімінің, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің, толеранттылық пен тұлғаның тұрақты әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасу деңгейінің өсуі;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениет негіздері, ана тілі мен мемлекеттік тілді және этномәдениетті құрметтеу;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасын құруға дайындау, отбасы институтын нығайтуға саналы түрде қатысу;
әлеуметтік маңызы бар отбасылық, балалар және ата-аналар бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
тұлғаның экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы; экологиялық сауаттылық пен мәдениетін дамыту;
балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық өзара іс-әрекет етуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адамды қалыптастыруға бағытталған.
I. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінің нормативтік базасын мыналар құрайды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен);
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» №518-ІҮ2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен);
- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы (Астана қаласы 21 қараша 2018 ж.);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары
- еще нет данных для отображения