"Талғар медициналық колледжі" мекемесі 22 жылдан бері орта буын медициналық мамандарын даярлау қызметімен айналысады. Оқытудың жоғары деңгейі біздің түлектеріміздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігімен расталады. Қызметті жүзеге асыру жылдарында "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі", "Фармация" мамандықтары бойынша 9-сынып және 11-сынып негізінде 3000-нан астам студент бітірді.
Осы уақыт ішінде колледж денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан табысты нәтижелермен өтуде.
Колледж студенттері медициналық білім жарыстарына қатысып, Халықаралық, Республикалық конкурстарда жүлделі орындарды иеленуде.
Біздің колледж мамандықтар бойынша типтік жабдықтау табелінің талаптарына сәйкес жабдықталған. Оқу үдерісі колледжде кешенді түрде жүргізіледі, практикалық сабақтар теориялық білімді бекіту үшін ШЖҚ «Талғар орталық аудандық аурухана» МКК базасында өтеді. Сонымен қатар, студенттер практикадан өту үшін тұрғылықты жері бойынша басқа ауруханаларға жіберіледі.
Колледжде 24 оқу кабинеті, екі компьютерлік кабинет, спорт залы, жазғы спорт түрлеріне арналған спорт алаңы бар. Колледж кітапханасында 18 мың дана оқу және көркем әдебиет кітаптары бар.
Колледждегі оқу-тәрбие процесін 36 штаттық оқытушы және 11 сыртқы қоса атқарушы, оның ішінде бір медицина ғылымдарының докторы қамтамасыз етеді. Оқытушылардың 40 пайызы 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар жоғары санатқа ие.
Орта буын медицина кадрларды мақсатты даярлаудың бірлескен жобасы ретінде 2021-2022 оқу жылында 9 сыныпты бітіруші 29 талапкерге мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін білім алу мүмкіндігі бар.
Біздің колледжден білім алып, адам жаны мен тәнін емдеп, халықтың ынта-ықыласына бөленген ақ халатты абзал жанға айналыңыз!