"Талғар медициналық колледжі " мекемесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған "Денсаулық марафоны -2021" шарасы өткізілді. Жас маман Базарбаев Саяттың ұйымдастыруымен өткізілген шараға колледж білім алушыларынан 3 команда қатысты. "Нұр Отан" партиясы Талғар аудандық филиалы, аудандық маслихатының депутаты Алиманов Марат Сәбитұлы, Талғар аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Сермаханова Мария Тагыбергенқызы жарысқа қатысушыларды құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады. Колледж директоры Ж. Досбаев жеңімпаз командаларға Алғыс хаттармен, ақшалай сыйлық сертификаттарын табыстады
Новости
"Денсаулық марафоны -2021
"СЕНІМ" Студенттік Парламенті
"Талғар медициналық колледжі " мекемесінде жастардың бойына патриотизмді қалыптастыру, олардың рухани дамуы, әлеуметтік -экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау, қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру мақсатында құрылған "СЕНІМ" Студенттік Парламентінің отырысы өткізілді. Студенттер арасында өткізілген сайлау қорытындысы бойынша тағайындалған Президент және фракция мүшелеріне Студенттік Парламент жұмысының мақсаты мен міндеттері, формалары және мүшелерінің құқығы мен парламенттегі жетекшілігі туралы ақпараттар беріліп, жаңа жұмыс жоспары бекітілді.